Порнографиялық сайтқа тіркелген үш қазақстандық қыз жауапқа тартылды
Порнографиялық сайтқа тіркелген үш қазақстандық қыз жауапқа тартылды

"Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Желіде порнографиялық сипаттағы фотоларды таратқандарды анықтады. Ақмола облысының 23 және 25 жастағы екі тұрғыны, сондай-ақ елорданың 34 жастағы тұрғыны порнографиялық сайттардың біріне тіркеліп, интим сипаттағы суреттерді жариялағаны әшкере болды", - деді полицейлер.Ведомство мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабы ("Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату") бойынша қылмыстық іс қозғалды.