Қайғылы оқиға: дезинфекциядан үш бала уланып өлді
Қайғылы оқиға: дезинфекциядан үш бала уланып өлді

"Іс бойынша бірнеше куәден жауап алынды. Қалған куәлерден алдағы сот отырысында жауап алынады", - деді Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының судьясы Қайрат Ізбасаров.Келтірілген деректерге қарағанда дезинсекция маманының екі фактіге қатысы болуы мүмкін. Ақпан айында тарақанды улау жұмысы кезінде көрші пәтердегі сегіз айлық нәресте көз жұмыпты. Тағы бес адам ауруханаға түскен. Тағы бір жағдай қараша айында тіркелді. Құрт-қоңызды улау кезінде бір отбасынан екі бала қайтыс болған. Осыдан кейін полиция үш сәбидің өліміне белгісіз химикат себепші деп күдіктенді.
"Қылмыстық іс бойынша екі фактіге, яғни екі жерге зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізгені үшін айыпталып отыр. Арнайы рұқсаты болмаса да, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізген", - деп атап өтті судья Қайрат Ізбасаров.Сот барысында сегіз куәнің төртеуі тыңдалған. Қалғандары келесі процестерде көрген-білгенін айтуы тиіс.