Жақсы нәрсеге адамның жаны тез үйренетіні анық. Технологияның дамыған кезінде оңай, әрі жылдам дайындалатын тағамдарды тұтыну әдетке айналды. Бүгінде жартылай дайын тағам сатып алу немесе дайындап пісірілген тағамдарға тапсырыс беруге болады, - деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі РиаНовости басылымына сілтеме жасап.
Еліміздегі төтенше жағдай кезінде далаға шықпай, тапсырыс беру қызметі қарқынды дамып тұр. Бұндай қызмет көрсету орталықтары үлкен сұранысқа ие. Ол тағамдар қаншалықты зиянсыз, оны жұқпалы індет жұқтырған адам дайындаған болса ше? Тағам арқылы коронавирус жұғуы мүмкін бе? Осы секілді сұрақтарға медицина ғылымдарының докторы, вирусолог, профессор, ресейлік телеарна жүргізушісі Елена Малышева түсініктеме береді. Ол коронавирустың дайын тағамнан жұғуы екіталай екенін айтады,
Ол өзінің Instagram желісінде Лос-Анджелестік иммунолог және молекулярлы биология профессоры Паула Кэннонның мәлімдемесімен бөліскен. Ол дайын жеткізілетін тағамнан қорқу негізсіз. Себебі ондай орталықтардың асханалары тағамнан жұғатын ауруларды болдырмау үшін барынша гигиеналық талаптарды қатал ұстанатынын алға тартқан. Сондай-ақ Малышева "егер де аспаз тағам дайындау кезінде жөтеліп немесе түшкірсе, қосымша сақтық шарасы бар. Негізінде қысқа толқынды пеште жылыту кезінде, барлық кездейсоқ вирус өлетіні анық. Тағамды сатып алынған бір реттік ыдыстан үйдегі таза ыдысқа аударып, қолды жуған соң ғана тамақтануға кіріскен дұрыс",-дейді.