Доллар арзандай бастады

31 Желтоқсан, 2018 1019 0

Ақша айырбастау орындарында доллар арзандады деп жазады Tengrinews.kz тілшісі Kurs.kz мәліметтеріне сілтеме жасап. Күні кеше ғана 387 теңгеден сатылған доллар қазір 383,9 теңгеге бағаланып жатыр.

Мұның алдында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бюджетте доллар бағамының 370 теңге болатынын айтқан еді. 

"Бұл сұрақты Ұлттық банктегілерге қойыңыздар. Біздің келесі жылға әлеуметтік-экономикалық даму жоспарымызға сүйенсек, ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 370 теңге көлемінде болады", - деген еді министр. 

Ұлттық валютаның биржадағы құны 26 желтоқсаннан бастап бірден төмендеді, ол кезде бір доллар 374 теңгеге бағаланды. 26 желтоқсанда ақша айырбастау орындары долларды тіпті 378 теңгеден сата бастады. 28 желтоқсанда ақша айырбастау орындарында бағам 383 теңге болды. Ал 29 желтоқсанда бір доллар 387 теңгеден сатылды.

Тегтер: доллар, теңге, астана, қазақстан, ақша, валюта

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.