Түркістан облысында туған қызын зорлаған ер адам сотталды
Түркістан облысында туған қызын зорлаған ер адам сотталды
Түркістан облысында педофил 15 жылға бас бостандығынан айрылды, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Өңірдің полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, сотталушы кәмелет жасына толмаған туған қызына азғындық жасаған. Мұны жария еткен соң, әйелін де зорлапты.
Күдікті жасаған қылмысын мойындап, қамауға алынды. Алайда келесі күні арызданушы жиі ішімдік ішкен күйеуін жазаламақ болғанын айтып, райынан қайтқанын хабарлаған. Дегенмен мамандар қылмыстың болғанын дәлелдеп, іс сотқа жетті.
"Әрине, тергеу барысында біз аймақтың менталитетін, туыстарының ықпалын ескердік. Соған қарамастан сотқа дейінгі тергеуді жалғастыра бердік. Бізге дәлелдерді әрбір бөлшектен жинауға, сараптама тағайындауға және кәсіби мамандарды да тартуға тура келді. Бұл үшін бірнеше ай қажет болды. Нәтижесінде, облыстағы Әділет министрлігінің сот-медициналық сараптама институтының мамандары әйел мен кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлық-зомбылық сипаттағы әрекеттер шын мәнінде болғанын растады", - дейді Түркістан облысы полиция департаменті тергеу басқармасының басшысы Нұрмахан Жалғасов.
https://www.youtube.com/watch?v=1Bjzgq6NhVU&feature=emb_title