Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы намибиялық Джулиус Индонгомен жекпе-жек өткізеді, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Cпорт порталының мәліметінше, кездесу 17 сәуірде АҚШ-та өтуі керек болған, алайда пандемияға байланысты кездесу кейінге қалдырылған.
"Құдай қаласа бұл жекпе-жек алдағы уақытта өтеді...Бүкіл әлемді шулатқан пандемия Алланың қалауымен өтіп кетсе осы жекпе-жекке дайындаламыз... This fight will take place. Let it all be over.Be safe ...” , - деп жазды боксшы
Instagram желісіндегі парақшасында.