80 жастағы қарт пен 65 жастағы әйелдің екінші сәбиі дүниеге келді

28 Желтоқсан, 2018 671 0

Үндістанда 65 жастағы әйел екінші баласын өмірге әкелді, баланың әкесі - 80 жаста. Бұл туралы Британияның Daily Mail басылымы жазды.

Шал қыз сыйлаған кемпіріне ризашылық білдіріп, артынша сәбиді асырауға қосымша қаржы табу керектігі есіне түсіп, қамығып та үлгерді. 

Әжей әлемдегі табиғи жолмен дені сау баланы өмірге әкелген ең егде жастағы әйел атанды. 

Айта кетейік, жұбайлардың үлкен ұлы биыл сегізге толды. 

Репродукция маманы, доктор Шабир Сидикидің айтуынша, мұндай жағдай аса сирек кездеседі. 

«Әдетте Үндістан әйелдерінде менопауза орташа 47 жаста келеді. Бірақ мынау ерекше жағдай», - дейді дәрігер. 

Дәрігерлердің айтуынша, сәби мен анасының жағдайы бірқалыпты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.