Айшолпан "Алтын жұлдыз" орденімен марапатталды

28 Желтоқсан, 2018 741 0

Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга жаңа жыл қарсаңында елге еңбегі сінген азаматтарға мемлекеттік наградалар табыстады. Бұл туралы newsroom+ порталы baq.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Моңғолия еліне еңбегі сіңген, әр сала бойынша өз ісінің үздігі атанған ерекше жандарды марапаттайтын салтанатты жиында Моңғолияда тұратын қазақтың танымал бүркітші қызы Айшолпан "Алтын жұлдыз" орденімен марапатталды.

"Алтын жұлдыз" ордені Моңғолияның дамуына ерекше үлес қосқан азаматтарға беріледі. Айшолпан туризм саласын және дәстүрді дәріптегені үшін иеленді бұл орденді

Айшолпан Нұрғайыпқызы Моңғолияда тұратын қазақтардың арасынан шыққан санаулы бүркітші қыздардың бірі. Ол туралы түсірілген фильм "Оскар" сыйлығынан үміткерлер қатарына дейін жетті.

Естеріңізде болса, Айшолпан білімін Қазақстанда жалғастыратыны туралы айтқан болатын. 2014 жылы ағылшынның "Daily Mail" басылымы құсбегілік өнерін игерген 13 жастағы қазақ қызы туралы мақала жариялап, Айшолпанды бүкіл әлемге танымал етті. Осыдан кейін режиссер Отто Белл "Бүркітші қыз" (The Eagle Huntres) атты деректі фильм түсірді. Аталған фильм Оскар сыйлығына үміткер үздік 15 фильмнің қатарына енді.



Тегтер: Айшолпан, Монголия, президенті

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.