Өз әйелін қорқытып, кепілге алған
Өз әйелін қорқытып, кепілге алған

«Үйден шығып, серуендеп жүрдім. Нотариус жақтан шу шығып жатқанын байқадым. Жігіт әйелді қолымен қысып ұстап, қазір бәрін жарып жіберемін деп айқайлады".Жедел әрекет ету қызметі 6 сағат бойы келіссөздер жүргізді. Жігіт 100 мың доллар, кейін инкасатор көлігін, тіпті ұшақ беруді талап еткен еді. Ақыры көндігіп, жаралы әйелін босатуға келісті. Кейін анықталғандай, қолындағы граната да жасанды болып шыққан. Ираида ИСЛАМҒАЛИЕВА, зардар шегуші:
"Сол күнгі оқиға менің отбасылық өмірімнің тек бір сәті ғана. 2,5 жыл бойы тозақта болдым десе де артық емес. Қазір жолдасым абақтыда. Меніңше, ол өз орнын тапты".Ираиданың сөзінше, қылмысқа барған жолдасы ауқатты адам. Қарудың түр-түрін жинаумен қызығыпты. Отасқан күннен бастап, қысым көрсете бастаған дейді. Ажырасуға әрекет жасағаннан да түк шықпаса керек. Ираида ИСЛАМҒАЛИЕВА, зардар шегуші:
"Сен заңгерсің ғой. Неге ажырасып кетпедің деп сұрайды көпшілігі. Адамның мамандығы ештеңені шешпейді. Үйленбей тұрып біз жарты жыл кездестік. Түзу жігіт болып көрінді".Ираиданың бірінші некеден екі баласы бар екен. Абақтыға қамалған екінші жолдасы қит етсе, сол балаларың жапа шегеді деп қорқытса керек.