Қорғаныс министрлігі ұшаққа қатысты тараған ақпаратқа мәлімдеме жасады
Қорғаныс министрлігі ұшаққа қатысты тараған ақпаратқа мәлімдеме жасады

"Қазақстанның әскери-әуе күштерінің ұшағы Ресейдің Новосібір қаласында "ОО S-7 ИНЖИНИРИНГ"-те жоспарлы техникалық қызмет көрсетуден өтіп жатыр. Жөндеу жұмыстары кезінде фюзеляж бөліктері мен агрегаттары алынған. Бұл сенсациялық жағдай емес", - деп жазылған ведомствоның ақпаратында.Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында "Толмачево" (Новосібір) әуежайында тұрған қазақстандық ұшақ туралы ақпарат тараған болатын. Әуе кемесі Қазақстанның әскери-әуе күштеріне тиесілі екені, Kazakh Air Force ретінде рейс жасайтыны жазылған еді.