Түркістанда зорлық -зомбылықпен күресте ұлттық ведомствоаралық жүйенің тетіктері талқыланды
Түркістанда зорлық -зомбылықпен күресте ұлттық ведомствоаралық жүйенің тетіктері талқыланды
Түркістан облысында өткен онлайн-кеңесте гендерлік негіздегі зорлық-зомбылыққа ұлттық ведомствоаралық жүйесінің ден қою тетіктері мен зерттеу тәжірибесі талқыланды. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, мемлекеттік қызметкерлер, азаматтық сектор, даму бойынша серіктестер және Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстан елдерінің халықаралық ұйым өкілдері қатысты.
Бұл туралы NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Орталық Азия елдері арасында тәжірибе алмасу шарасы Ұлыбритания Үкіметінің қаржылай қолдауымен Біріккен Ұлттар Ұйымының «Орталық Азиядағы гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын-алу және оған қарсы әрекет жасауды жақсарту жөніндегі ұлттық мүмкіндіктерді нығайту» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының халықпен жұмыс саласындағы қорының Қазақстандағы өкілі, Қырғызстан мен Түрікменстандағы елдік директоры Джуллия Валессенің айтуынша, өзара тәжірибе алмасу кез-келген зорлық-зомбылыққа орын жоқ қоғамда өмір сүргіміз келетіндігін дәлелдейді. Осы кездесумен біз Орталық Азияның бес елінің мемлекеттік органдарының өкілдері арасында тәжірибе алмасуды жеңілдеткіміз келеді және Қазақстанның Гендерлік негіздегі зорлық-зомбылыққа ведомствоаралық жауап беру жүйесін енгізу жетістіктерін көрсеткіміз келеді. », - деді Джулия Валлесе.
Жиында, сондай-ақ, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою біртұтас көзқарасты және гендерлік негіздегі зорлық-зомбылық құрбандарына, агрессорлармен жұмыс істеудің жан-жақты және келісілген жүйесі талап етілетіндігі атап өтілді. Денсаулық сақтау, психоәлеуметтік қолдау және полиция секторларының үйлестірілген жұмысы болып табылатын гендерлік зорлық-зомбылыққа ведомствоаралық жауап беру - бұл гендерлік негіздегі зорлық-зомбылық жағдайларын уақтылы анықтау мен жоюдың алдын-алу тәсілдерінің бірі. Қазақстан елде гендерлік теңдікті дамытудың тұғырнамасын құрып бірқатар маңызды құжаттарды қабылдады. Бұл шараларға гендерге қатысты ұлттық заңнамалар, сондай-ақ халықаралық келісімдерге қол қою және ратификациялау кіреді.
Атап өту қажет, Түркістан облысында гендерлік зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік-психологиялық қолдау қызметін құру гендерлік негіздегі зорлық-зомбылыққа ведомствоаралық жауап берудің тәжірибелік құралдарының бірі болып табылады.
Кездесуге қатысушыларға зардап шеккен адамға жедел-жәрдем көрсетіп, кез-келген медициналық, психоәлеуметтік немесе құқық қорғау көмегін көрсететін мекемеге жолдай алатын Сарыағаш ауданындағы арнайы орталықтың қызметі туралы бейнеролик те ұсынылды.