Жаңалықтар

Қытайдың провинициясында су тасқыны болды

Қытайдың провинициясында су тасқыны болды

   width= Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында су тасқыны жергілікті халықты әуре-сарсаңға салды, деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат агенттігі. «Рейтер» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аймақтағы өзендер арнасынан тасып, ауылшаруашылық алаптары мен елді мекендер жарамсыз күйге түскен. Өңірде бірнеше күн жауған жауынның салдарынан Янцзы өзенінің суы тасыған. Салдарынан баспанасынан айырылған 36 мыңнан астам адамның қауіпсіз жерге көшуіне тура келді.  Елдің төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, өткен аптада тасқын судан 63 млн тұрғын зардап шеккен. Бұл соңғы 5 жылдағы ең үлкен көрсеткіш. Мамандар табиғи апаттан келген шығын мөлшерін шамамен 26 млрд долларға бағалап отыр.