КСРО-ны "өлтірген" қазақ

26 Желтоқсан, 2018 3619 0

Қызыл империяның тағдырында соңғы нүкте қойған қазақ туралы көп білмейміз. 16 желтоқсанда Қазақстан Кремльге қарамай егемен ел боп, әлемдік аренаға шығып, мемлекет құру процессін бастады. Бірақ сол кезде КСРО /мемлекет ретінде/ саяси картадан  әлі жойылған жоқ.

25 желтоқсанда Михаил Горбачев өз президенттік өкілеттігін тапсырды. КСРО парламентінің алдында үлкен мәселе қойды: екінші президенттік сайлау өткізіп, КСРО өмірін ұзарту (халықаралық құқығы бойынша жоғарғы заң шығарушы органның сондай мүмкіндігі болды) я болмаса Горбачевты қолдап, ресми түрде қызыл империяның «өлімін» жариялау.

Ол кезде КСРО Жоғарғы Кеңесі Республикалар Кеңесінің төрағасы белгілі жазушы, прозаик, қоғамнің қайраткері Әнуар Әлімжанов болған. Ол кісі жоғарғы заң шығарушы органды шақырып, күн тәртібіне КСРО-ның тағдыры туралы мәселені дауысқа салды. 26 желтоқсанда Әнуар Әлімжановтың төрағалығымен өткен кеңестік парламент «КСРО тіршіліктен қалу» туралы № 142-Н Декларациясын қабылдады.

Яғни ұлы жазушы заңды түрде «қызылдардың» тағдырын шешіп, кеңес тарихының бетін жапты. Дәл 27 жыл бұрын. 

 

P.S. фотода Әнуар Әлімжанов, Сәбит Мұқанов, Роза Бағланова, Олжас Сүлейменов

Максим Споткайдың фб парақшасынан 

Тегтер: КСРО, қазақ, Әлімжанов, Сулейменов

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Тагордың үйі

06 Мамыр, 2019

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.