"Қазақфильмнің" отқа орануына өзге де себеп болуы мүмкін
"Қазақфильмнің" отқа орануына өзге де себеп болуы мүмкін
«Қазақфильмді» әдейі өртеген! Бір ғасырлық тарихы бар киностудияның су жаңа басшысы Ақан Сатаев көпке осындай мәлімдеме жасады. Өйткені отқа оранған екі ошақтың арасы 400 метр екен. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеді. Дегенмен үлкен аумақты шарпыған өрт тарихи кино түсіруге арналған құнды декорацияларды әп-сәтте күл-қоқысқа айналдырыпты. Бұл туралы NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
«ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ» К/Ф ҮЗІНДІ
Тарихи киноларлардың бірі әрі бірегейі «Қазақ хандығы» фильмінен келтірілген үзінді. Актерлардың шеберлігі, шығармашылық топтың жұмысы өз алдына, көпті көздің жауын алар декорациялары тәнті етіп еді. 15-ші ғасырдағы батырлар киімінің тігісіне дейін айнытпай келтірген отандық дизайнерлердің еңбегіне шетелдік кинематографтар да оң бағасын беріп, «Қазақфильмнің» реквизитіне қызығушылығын білдірген-ді.
Ал бұл сол «Қазақ хандығы» фильмінің декорациялары сақталып тұрған қойма еді. Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына 7 минутта жетсе де, қызыл жалынды тек 2 сағаттан соң ғана ауыздықтай алған. Абырой болғанда, 600 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген тілсіз жаудан жан баласы зардап шекпеді. Алайда құнды реквизиттер әп-сәтте күлге айналыпты.
"Практически пожар распростронялся на открытой територии. Зданием и сооружением угрозы нет. Он остался в тех пределах когда прибыли пожарные подразделения», дейді Ерлан Әлібеков қалалық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары.
Өрт әуелі қойма жақтан басталыпты. Бірақ, 15 минуттан соң куәгерлер 400 метр жерде шарпыған қызыл жалынның екінші ошағын байқайды. «Буквально через минут 15 заметили огонь со второго очага. Сообщили охране. И начали разворачивать машины в сторону второго очага», дейді Никита Бондарцев куәгер
Міне көптің көңілін күпті еткен мәселе осы. Оттың мүлдем екі бөлек жерде тұтануы санаға күдік ұялататыны рас. Ал «Қазақфильм» киностудиясының су жаңа басшысы Ақан Сатаев «тарихи нысанды әлдекімдер әдейі өртеген» деген болжамның барын да жасырмайды.
«Очевидно что это был поджог. К счастью обошлось без жертв. урон который мы иммем сегодня не значительный, и поэтому мы продолжаем работу. Я надеюсь что мы найдем приступнпиков», Ақан Сатаев "Қазақфильм" АҚ президенті, режиссер.
Қазір жергілікті полиция департаменті мен төтеншеліктер киностудияда болған өртке қатысты тексеріс басталыпты. Жұмыс барысын қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өзі бақылайды. Сондай-ақ қызыл жалынды дер кезінде ауыздықтаған мамандарға Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова ерекше алғысын білдірді. Өйткені отандық киноиндустрияда аталған тарихи нысанның алар орны ерекше.
“Амангелді» кинофильмінен үзінді
«Ғалымның туыстары кәдесін жасамадың деп маған өкпелеуші едің, той жасасақ қайтеді. жасайық батыр, жасайық».
Қазақтан шыққан тұңғыш «Амангелді» киносының тұсауы осы «Қазақфильм» студиясында кесілген. Одан бөлек, көптің жүрегіне жол тапқан «Алдар Көсе», «Атаманның ақыры» да. «Қыз Жібек пен Төлегеннің» махаббат хикаясын да Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильмнің» арқасында тамашаладық.
Хош!. Студияны әлдекімдер әдейі өртеді ме, әлде бір ғасырлық тарихы бар нысанның отқа орануына басқа да фактор әсер етті ме, оны тек бір айдан соң дайын болатын сараптама нәтижесінен ғана біле жатырмыз.