Әнші Ибрагим Ескендірдің бауыры қайтыс болды
Әнші Ибрагим Ескендірдің бауыры қайтыс болды
Белгілі әнші, атақты спортшы Ибрагим Ескендірдің отбасында қаралы хабар. Әншінің бауыры қаза болды. Қаралы хабарды Мұхамеджан Тазабеков мырза айтты.
Бұл туралы NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Жұрт карантиннен босап, қу тіршілік қамымен шаруаға шапқылаған күні, біз қабірістанға қарай қадам бастық.
Ибрагим Ескендір бауырымның Абдірахим көкесі қайтыс болып, жаназасына қатысып, мәңгілік мекеніне қойып қайттық.
Абдірахим ағамыз жан баласына дауыс көтеріп көрмеген, ұрпақтарын ұлағатты қылып тәрбиелген, дәрігерлікпен мыңдаған пендеге мейірім сыйлаған нағыз көркем мінезді, жақсы адам еді. Жаны жаннатта болсын!
Алла алдынан жарылқап, жақындарына сабыр берсін!!!", - деп жазды Тазабеков.
"Арты жақсы болсын", "Иманды болсын", "Отбасына сабырлық тілейміз", "Өмірде жиған сауабы жолдас болсын", "Әр отбасына амандық тілеймін, ешкім ауырмаса екен", "Ескендір аға, бауырыңыздың қазасы қайырлы болсын, иманы саламат болсын", - деп жазды олар.
Әншінің бауыры нақты неден көз жұмғаны айтылған жоқ.