Түркістан: 88 көпқабатты үйдің іргетасы қаланды

26 Желтоқсан, 2018 648 0

Түркістанда "Түркістан - Жаңа Қала" тұрғын үй алабының іргетасы қаланды. Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев аумағы 38 гектар 88 көпқабатты тұрғын үйдің қазығын қағып, бірнеше жылда облыс орталығының келбеті өзгеретінін айтты.

Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мен жеке инвестиция есебінен бой көтеретін тұрғын үйлер 2-інші және 3-інші класстағы 2724 пәтерден тұрады. Баспаналар «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламасы аясында жүзеге асуда.Оның 44 үйі 2019 жылы пайдалануға берілсе, қалғаны 2020 жылы ел игілігіне тапсырылмақ. Бұл құрылыстарды жүргізуде «Оңтүстік құрылыс сервис» ЖШС, «Берен» ЖШС, «Шымкент құрылыс» ЖШС қатысады.Нысандардың құрылысына, тек отандық өнімдер қолданады.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.