Жаңалықтар

Шымкентте пара алған 30 тұлға сотталған

Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Асхат Жұмағали "Antikor Live" жобасы аясындағы онлайн брифингте  қаладағы жемқорлықтың алдын алу шараларын айтты. Бұл туралы NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Baq.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтердің басымдықтарына сәйкес, мемлекеттік сатып алу бақылауы бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Біздің бастамамыз бойынша, 2,4 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді. Сыбайлас жемқорлықты алдын алумен қатар заңның үстемдігі маңызды қағидат болып табылады. Жыл басынан бері департамент 73 қылмысты тіркеді. 70 қылмыстық іс сотқа жолданды. 30 тұлға сотталды, - деді Жұмағали.

Ол көбінесе айыппұл мен бас бостандығынан айырылатынын айтты.

Сотталғандардың 20 пайызы мемлекеттік органдардың құрылымдық жетекшілері. Атап айтсақ, Түркістан облысы бойынша азаматтық істер жөніндегі сот коллегиясының төрағасы бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді. Ол азаматтық іс бойынша оңтайлы шешім қабылдағау үшін пара алғанына күдікті болып отыр, - деді ол.

Сондай-ақ, Асхат Жұмағали сәулет және құрылыс басқармасының жетекшісіне қатысты іс тергеліп жатқанын айтты.

Ол қазір қамауда отыр. Ол топографиялық карталарды жасақтауға бөлінген  498 млн теңгені жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Картаны қажетті деңгейде жүзеге асыруға бөлінген қаржы ұрланды. Қазір карта қолдануға жарамсыз, - деді ол.