42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлем бойынша берген өтініштің статусын енді 42500.enbek.kz сайтынан көруге болады.
Бұл туралы Президенттің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі Бағдат Мусин
Instagram желісіндегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі
Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Өтініш статусын тексеру үшін:
1) 42500.enbek.kz сайтына кіріп;
2) "Өтінім статусын тексеру" батырмасын басып;
3) ЖСН мен жеке куәліктің нөмірін теріп;
4) "Мен робот емеспін" және "Тексеру" батырмаларын басу керек.
Мусиннің айтуынша, өтініштің статусы бірнеше сәтте-ақ көрсетіледі. Бір құрылғыдан үш өтініштің статусын қарауға болады дейді.