Елімізде Кавасаки синдромымен қанша бала тіркелді?
Елімізде Кавасаки синдромымен қанша бала тіркелді?
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов қазіргі таңда Кавасаки синдромымен 11 бала тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігі.
«Өткен аптада Қазақстанда Кавасаки синдромымен ауырған 3 баланың тіркелгенін айтқан болатынмын. Қазіргі уақытта Кавасаки синдромымен және соған ұқсас синдроммен 11 бала тіркелді. Бірақ айта кетерлігі, клиникалық белгілері бойынша бұл індет Кавасаки синдромына ұқсас. 5 жасқа толмаған балаларда өте сирек кездеседі. Қазақстан бойынша тіркелген 11 баланың үшеуі Нұр-Сұлтан қаласында аман-есен емделіп шықты», - деді ол.
Оның айтуынша, қалған балалар Ақтөбе, Қарағанды, Алматы қалаларында тұрады. Балалардың екеуі 1 мен 5 жас аралығында болса, қалған 9 бала 5-тен 17 жастың аралығында.
«Яғни 9 бала Кавасаки синдромына нақты келмейді. Олар соған ұқсас ауру деп есептелінеді», - деді Бағдат Қожахметов.