М. Байғұт: Праймериз - парасат пен пайым өлшемі
М. Байғұт: Праймериз - парасат пен пайым өлшемі
Әділеттілікке жету жолында адамзатыңыз, бүкіл әлем әзірше сайлаудан артық, одан да гөрі жетілдірілген жақсы әдіс ойлап таба алған жоқ. Сол сайлауыңыздың өзі демократиялық талаптарға сай және әр елдің ерекшеліктеріне сәйкес үнемі жаңартылу, жаңғырту үстінде. Өзгеріп өңдеңуде.
Ұлы Абайдың өзі сайлаудан көңілі қалыңқырап, «назначение» дұрыс болар еді деп мойындаған ғой.
Біздің елде де түрлі сайлаулар барған сайын жетілдіріле түсуде. Қазіргідей партиялық жүйемен жүлгелеу, праймериз өткізу де – ізгі ізденістердің жемісі. Праймериз халық қалаулылары болатын, сол сапалы билікке лайық тұлғаларды таңдауда таразылық рөл атқаратыныны аян. Үміткерлер үшін үлкен сын. Көшбасшы болмаққа ұмтылатындардың ұсынылғандардың арасынан іргелілер іріктеледі, саңлақтар сұрыпталады.
«Праймериз – пайым мен парасат өлшемі» деп отырғанымыздың мән- мәнісі түсінікті деп ойлаймыз. Қай-қандай пікірталаста да кім-кімнің де деңгей-дәрежесі, болмыс-бітімі, пайым-парасаты аңғарылып, кімнің кім екені айқындалып қалады.
Әл-Фарабидің бәйекшіл парасат, әрекетшіл парасат, пәрменді парасат деп анықтама беріп, талдама жасауының өзі талай тұспалдармен астарларды меңзейді. «Кемелді бәйекшіл парасат» анықтамасы болашақ депутаттардың сапасына берілген сипаттамасы секілді сезілдеі бізге.
Мархабат БАЙҒҰТ,
жазушы, Қазақстанның Еңбек сіңірген
қайраткері, «Nur Otan» партиясы
Түркістан облыстық филиалы
«Miras» қоғамдық кенесінің төрағасы.