Желіде от шашу атамын деп қолынан айрылған ер адамның видеосы тарап кетті (ВИДЕО)

24 Желтоқсан, 2018 833 0

Instagram әлеуметтік желісінде отшашу атамын деп қолынан айрылған ер адамның видеосы тарап кетті.  Бұл туралы newsroom+ порталы sn.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Кадрда ер адам достарының жанында от шашу тұтандырып, қолын жоғары көтереді. Айналасы бірнеше секундта көк түтін боп, әлгі жігіттің  қолынан қан сорғалай жөнеледі. 

Оқиғаның қайда және қашан болғаны белгісіз. Тек видео авторы көпшілікті алдағы жаңа жылда сақ болуға шақырып отыр. 


Тегтер: Отшашу, жаңажыл, жарақат, салют, қауіп

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.