Теміртаудың бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды
Теміртаудың бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды
Жақында Теміртау қаласының әкімі қызметінен босаған Ғалым Әшімов Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгін Теміртау қаласының бұрынғы әкімі Ғалым Әшімов Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды, - делінген patriotkaragandy парақшасында.14 тамызда Теміртау қаласына жаңа әкім тағайындалғаны белгілі болды. Әшімов қызметінен кеткелі жатқанын алдын-ала мәлімдеген еді.