Беларусь елінің үкіметі отставкаға кетті. Шешім қабылданған күннен бастап өз күшіне енеді, деп хабарлайды
NewsRoom+ақпарат агенттігі zakon.kz.сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық заңнама интернет-порталының хабарлауынша, бұл жағдай Министрлер Кеңесінің 15 тамыздағы № 480 қаулысында қарастырылған. Құжатқа сәйкес, Конституцияның 106-бабы, "Беларусь Республикасының Министрлер Кеңесі туралы" 2008 жылғы 23 шілдедегі № 424-З заңының 9-бабы бойынша Беларусь үкіметі президент жаңадан сайланған соң өз өкілеттігін доғарды. Шешім қабылданған күннен бастап өз күшіне енеді, деп хабарлайды БЕЛТА.
Бұған дейін мемлекет басшысы Александр Лукашенко үкіметтің одан әрі қарай жұмыс істеуі үшін құжаттарды дереу дайындауды тапсырған болатын. Содан кейін президент негізінен үкімет қайта жасақталғанын атап өтті. Сонымен қатар, ол кейбір күтпеген жағдай болуы мүмкін екенін айтты.
Еске сала кетсек, 9 тамыздан бері Беларусте наразылық акциялары жалғасып келеді. Орталық сайлау комиссиясының ресми қорытындысы бойынша, президент сайлауында қазіргі басшы Александр Лукашенко жеңген. Ал наразылар сайлау қорытындысы бұрмаланды деп есептеп, іс жүзінде көпшілік президенттікке кандидат Светлана Тихановскаяға дауыс берді деп есептейді.
Арнайы жасақ пен милиция наразыларды таратып, ресми мәлімет бойынша бір адам қаза болған. Мыңдаған адам ұсталған.