Мұхамеджан Тазабек Айсұлтан Назарбаевтың қазасына жантебірентерлік жазба жариялады
Мұхамеджан Тазабек Айсұлтан Назарбаевтың қазасына жантебірентерлік жазба жариялады
"Асыл арна" телеарнасының бас директоры, ақын Мұхамеджан Тазабек марқұм Айсұлтан Назарбаев туралы жан тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігі.
"Оншақты жыл бұрын Айсұлтанмен бірге қасиетті Меккеде бірге болып, умра қажылығын атқарған едік. Екі-үш күннің ішінде қатты әсерленіп, жаны нұрланып, көп жақсы сөздер айтқан еді. Әсіресе, қайтар жолда, елге жеткенше ұшақ ішіндегі үш-төрт сағаттық әңгіме әлі есімде.
"Аға, қазіргі жастарды білмейсіз ғой, қатты өзгеріп кетті. Рухани құндылық дегендер аяқ асты болып, жастар тек қана бір күндік рахатын ғана ойлайды. Олар әртүрлі ойындардың қызығына кіргені сондай, дәретхананың ішіне сусыны мен тамағын ала кіріп, қажеттілік өтейтін жердің қаяуында сағаттап отырады" дегенін естіп, жүрегім ауырған еді.
"Болды, елге жеткесін өзім де бүтіндей өзгерем, достарымды да имандылыққа, ізгілікке тартам" деп, шабыттанып, ерекше есейіп оралған еді...