Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан облысында жүргізушілер полицейлерге пара бермек болған

Түркістан облысында жүргізушілер полицейлерге пара бермек болған

Түркістан облысында жүргізушілер полицейлерге пара бермек болған
ашық дереккөзі
Түркістан облысының полицейлері тәртіп сақшыларына пара беруге тырысқан жүргізушілерді ұстады, - деп хабарлайды NewsRoom+Ақпарат тілшісі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап. Шымкент-Самара тас жолында Түркістан облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартылмау үшін полицейге пара бермек болған «КамАЗ» автокөлігінің жүргізушісін ұстады. «Пара беру» ретінде қаралатын құқыққа қарсы әрекеттер туралы патрульдік полиция тарапынан бірнеше рет ескертулерге қарамастан, заң бұзушы пара берген. Мұның бәрі патрульдік полиция батальоны полицейлерінің бейнежетондарына түсірілген. Ер адам өз ісін толық мойындады. Сонымен қатар, жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің екі бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды: 590-бап (Мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқару) және 602-бап (Көлік құралдары жүргізушілерінің тәуліктің жарық уақытында сыртқы жарық құралдарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану ережелерін бұзуы). Дәл осы күні Сарыағаш ауданында ӨҚБ қызметкерлері, тәртіп сақшыларына жол қозғалысы ережелерін бұзып, оны жасыру үшін пара бермек болған тағы бір күдіктіні ұстады. Сарыағаш ауданының тұрғыны «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі өзінің құқық бұзған әрекеттері үшін полицейлер тарапынан қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын біле тұра, оны болдырмау мақсатында патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне ақша ұсынған. «ВАЗ» жүргізушісінің бұл заңсыз әрекеттері тәртіп сақшыларының видеожетондарына тіркелген. Құқықбұзушы өз кінәсін толық мойындап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің үш бабы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды: 230-бап (Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзу), 593-бап (Жол қозғалысы ережелерінде көзделген жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) және 612-бап (Құжатсыз және көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы). Қазіргі уақытта екі күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 367-бабы 1-бөлігі (Пара беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.