Әнші той томалақтан бас тартуға шақырды
Әнші той томалақтан бас тартуға шақырды

«Құрметті қазақстандықтар! Бүгінгі таңда адамзат әлемін әбігерге салып жатқан мына дерт біздің елді де айналып өтпегенін бәріміз білеміз. Осы орайда бұл індет қанша қазақтың ұлы тұлғаларын, өнер майталмандары мен әр қазақ отбасындағы жақындарын алып кетті. Арда ағайын жақсылық пен жамандықтың қатар жүретінін ескере отырып, елімізде 17 тамыздан бастап карантиннің жеңілдетілген түрін бәріміз тиімді пайдаланайық»,– дейді әнші.Сондай-ақ ол әзірше той-томалақтан бас тарта тұруға шақырды.
«Әр отбасы туғанының амандығын тілесе той-томалақтан, жиын кештерден бас тартып, сабырлық пен келер күннің жақсылығына үміт артуы керек»,– деп қортындылады ол.