Әнші той томалақтан бас тартуға шақырды

Әнші той томалақтан бас тартуға шақырды

ашық дереккөзі

 width= Елімізде бүгіннен бастап карантиндік шаралар жеңілдетіліп, кейбір нысандардың жұмысы қайта жанданды. Алайда қауіп әлі сейілген жоқ. Осыған орай Павлодар облыстық филармониясының әртісі, Халықаралық байқаулардың лауреаты Серік Рысбек қазақстандықтарды санитарлық талаптарды орындауға шақырды, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Серік Рысбектің айтуынша, коронавирус инфекциясының алдын алу ең алдымен, өзімізге байланысты. Әр әдам санитарлық талапқа үлкен жауапкершілікпен қаруы керек. Коронавирус – жас талғамайтын, ешкімді аямайтын дерт. Сондықтан барынша абай болған абзал.

«Құрметті қазақстандықтар! Бүгінгі таңда адамзат әлемін әбігерге салып жатқан мына дерт біздің елді де айналып өтпегенін бәріміз білеміз. Осы орайда бұл індет қанша қазақтың ұлы тұлғаларын, өнер майталмандары мен әр қазақ отбасындағы жақындарын алып кетті. Арда ағайын жақсылық пен жамандықтың қатар жүретінін ескере отырып, елімізде 17 тамыздан бастап карантиннің жеңілдетілген түрін бәріміз тиімді пайдаланайық»,– дейді әнші.
Сондай-ақ ол әзірше той-томалақтан бас тарта тұруға шақырды.
«Әр отбасы туғанының амандығын тілесе той-томалақтан, жиын кештерден бас тартып, сабырлық пен келер күннің жақсылығына үміт артуы керек»,– деп қортындылады ол.
   

Жүктелуде...