Елордада тұрсақ та ел қатарлы тұрмаймыз: жол шоқалақ, интернет жоқ

Елордада тұрсақ та ел қатарлы тұрмаймыз: жол шоқалақ, интернет жоқ

ашық дереккөзі

 width= "Нұр-Сұлтанның ең көрікті жерінде тұрсақ та, жол мен интернеттен жұрдаймыз". Сол жағалаудағы бес бірдей тұрғын-үй кешенін мекендеушілер осындай шағымын білдірді. Есіл ауданына қарасты бұл үйлердің тұрғындары барлық кілтипан Сығанақ және Тұран көшелерінде дейді. Наразы астаналықтармен түсірілім тобымыз кездесті. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі  Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Бұл - сол жағалаудағы "Зәм-зәм", "7 палат", "Театральная" және өзге екі  ірі тұрғын-үй кешеніне апаратын жолдың сиқы. Дәлірек айтсақ, халық арасында танымал сауда орындарына жақын Сығанақ көшесінің бір бөлігінің бүгінгі қалпы. Осындағы тұрғындар өткен жылы тапсырылуы тиіс болып, бірақ әлі де бітпеген балшық жолдан әбден шаршадық, дейді.  Жоғарыдағы бес ірі үйге апарар тағы бір жол бар. Ол  уақытша құм мен тас төселген Тұран көшесінің бөлігі. Дәл осы адамдар қатынауға жараған жалғыз жолдан жергілікті халық жақында айырылып қала жаздапты. Бақыткелді НИЯЗБЕКОВ, қала тұрғыны:

"Временная дорога дейді ғой орысша. Жолымыз бар еді ЖК-ға апаратын, соны застройщик жабамыз деген соң, халық шулап, әкімшілік, полицияны шақырдық".
Халық шулаған соң жолды жаппақ болған мердігер компания райынан қайтыпты. Сол арада жергілікті жұрт Сығанақ көшесіндегі балшықты жол қашан бітеді, торап астымен үйлерге инженерлік желі өтіп, беті қашан асфальтталады деп сұрапты. Сәбина ТЕКОВА, Бас мердігер компанияның техникалық директоры:
"Әкім бізге инженерлік желіні өткізуді тапсырды. Үйлерге жылу, кәріз, су жеткізу қажет. Қазір кәріз жүйесін жасап жатырмыз. Қыркүйекте аяқтаймыз деп ойладық. Өйткені жұмыс қиындау, жеті метр қазу жерді керек. Сондықтан жөндеу уақыты созылып жатыр".
Сөйтіп, тұрғындар барлық ыңғайлылықты тек 2021 жылы сезе алады, дейді маман. Жолдан бөлек, сол жағалаудың ең көрікті жерінде орналасқан бес тұрғын кейбірінде интернет жоқ. Кабель тартушы компания Сығанақ пен Тұранда құрылыс жұмыстары толық бітпейінше, ешқандай ғаламтор желісін тартпаймыз депті. Қарлығаш ҚҰБАШЕВА, тұрғын:
"Бізде интернет жоқ. 1-шы қыркүйекте оқу басталады. Балалар білім алуы керек. Ал бізде интернет жоқ. Кейбір ата-ана қашықтан жұмыс істеп жүр. Оларға да бұл өте ауыр тиіуде. Ғаламтор жүйелерін жеткізуші компания жолды жөндемегенше ештеңе өткізе алмаймыз дейді. Құрылысшылар кабельдерін жұлып кетеді екен".
Есіл ауданына қарасты халық наразы деген соң, жауапты әкім келіп жетті. Ол алдағы 10 күнде Сығанақтағы барлық ыңғайсыздықты уақытша жолмен жоқ қыламыз деді. Уәдесін берген Есіл ауданының басшысын көргенде, өзге ауланың тұрғындары да  оған сұрақ қойды. Келушілердің көбісі жол сапасы мазалайтынын жасырмайды.

Жүктелуде...