Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Коронавирустың кесірінен аяғынан айырылды

Коронавирустың кесірінен аяғынан айырылды

Коронавирустың кесірінен аяғынан айырылды
ашық дереккөзі
 width= Ақтөбелік дәрігерлер індет қаупі сейілді деп арқаны кеңге салмау керектігін ескертеді. Әсіресе, коронавирус созылмалы ауруы барларға оңай тимей тұр. Дерттің  үстіне тағы біреуін жамап, аурухана төсегіне таңылғандар бар. Егде тартқан ересектер ғана емес, балалар да талапты орындап,сақтық шараларын мұқият сақтағаны жөн. Коронавирус қандай ауруларды асқындырады? Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Коронавирусты инфекцияның залалы азаймай тұр. "Індет - орталық нерв жүйесін, буын, жүрек, бауыр мен бүйректі зақымдайды" дейді инфекционист дәрігерлер. Әсіресе, бұрыннан қант диабетімен ауыратындар, қан тамырлары кеңейіп кеткендердің тамыры түйіліп қалған жағдайлар болған. Оларға дереу ота жасалыпты. Бекболат ІЗБАСАРОВ, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары міндетін атқарушы: 
«Дене ағзасына өзінің әсерін тигізіп жатыр. Бірақ ең бастысы, бұл - өкпе, тыныс алу жүйесі, бірақ, сонымен қатар, тамыр жүйесіне де өзінің кері әсерін тигізді. Екі науқаста аяқтарының тамырларының зақымдануы болған. Біреуінде біз ампутация операциясын жасаған болатынбыз, екіншісінеде тамырын байлап, бірақ аяғын сақтап қалдық. Бұл науқастарда аяқ тамырларының тромбозымен асқынған».
Пышаққа түскендердің екеуі де  егде жастағылар. Науқастардың бірінің ПЦР сынамасы оң, біреуі теріс нәтиже көрсеткен. Қазір екеуінің де жағдайы қанағаттанарлық. Дәрігерлер ауруын асқындырып, мұндай күйге түспес үшін, қорғанып, мамандар айтқан барлық сақтық шараларын ескеру керектігін айтты. Гүлшат СЕРАЛЫ, Облыстық тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы: 
«COVID-19 инфекциясының 3143 жағдайы тіркелді,оның ішінде 49 %- ауру белгілерімен және 50 %- симптомсыз жағдай. Ең көп тіркелгені, ол Ақтөбе қаласында, 2289 жағдай. Мұғалжар - 168 жағдай, Темір ауданында- 181 жағдай».
Ақтөбеде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Провизорлық орталықта 361 науқас ем алып жатыр. Ал поликлиникалар мен стационарлық емдеу мекемелері қалыпты жұмыс кестесіне көшетін болады.