Жаңалықтар

"Барселона" бапкерін қызметінен босатты

"Барселона" бапкерін қызметінен босатты

"Барселона" бас бапкері Кике Сетьен қызметінен кетеді. Бұл туралы каталониялық клубтың президенті Жозеп Мария Бартомеу мәлімдеді, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. Бұған дейін "Барселона" Лиссабонда Чемпиондар лигасының ширек финалында мюнхендік "Бавариядан" 2:8 есебімен жеңілген болатын. Каталониялық клуб 1946 жылдан бері алғаш рет сегіз гол жіберген. Сетьенмен бірге клубтан спорт директоры Эрик Абидаль да кетуі мүмкін екені хабарланды. Франциялық маман "Бавариядан" жеңілген соң бапкерді қолдағаны үшін отставкаға кетуі мүмкін. БАҚ мәліметінше, Сетьен орнына кандидаттар тізімінде "Тоттенхэмнің" бұрынғы бапкері Маурисио Почеттино, Нидерланд құрамасының бас бапкері Рональд Куман және "Барселонаның" бұрынғы капитаны, қазір "Әл-Садд" командасын жаттықтыратын Хави бар.