Жаңалықтар

Қатерлі ісікпен тиімді күресетін жеміс аталды

Қатерлі ісікпен тиімді күресетін жеміс аталды

Қатерлі ісікпен тиімді күресетін жеміс аталды, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. Басылымның мәліметінше, цитрустар тобына жататын кумкват жемісі ісіктің өсуін тежеп, ас қорыту жүйесіне оң әсер етіп, сүйектің нығаюына септігін тигізеді. Ал ИноСМИ сайтының мәліметіне сәйкес, бұл жемісті "сәнді мандарин" немесе "алтын апельсин" деп те атайды. Кумкват адамның иммунитетін күшейтеді. Ол көбінесе тұмаумен жиі ауыратын адамдарға пайдалы. Жеміс асқазан-ішек жолының қызметіне оң әсер етіп, анорексия, жүрек айну, асқазанның тамақ қорыта алмау кезінде тиімді көмектеседі. Сонымен қатар, кумквата онкологиялық аурулардың дамуын тежейді. Оның құрамында флавоноидтер көп болғандықтан адам ағзасын канцерогенді заттарға (қатерлік ісік тудыратын заттар - ескерту) төзімді етеді. Сондай-ақ, бұл жемісте кальций көп болғандықтан ол сүйекті нығайтып, бетке әжімнің түспеуіне әрі безеулермен күресуге оң ықпал етеді. Кумкатты қабығымен бірге жеуге болады. Мақала авторы бұл жемістен джем мен мармелад жасауға, оны шайға қосуға немесе десерттер мен салаттар дайындауда қолдануға кеңес береді.