Жаңалықтар

19 тамызда елімізде теле-радио хабар тарату уақытша тоқтатылады

19 тамызда елімізде теле-радио хабар тарату уақытша тоқтатылады

  Телерадиовещание приостановят в Казахстане Қазақстанда 19 тамызда профилактикалық жұмыстарға байланысты телеарналар мен радио хабар таратуды уақытша тоқтатады. Бұл туралы «Қазтелерадионың» баспасөз қызметі хабарлайды деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігі. «2020 жылдың 19 тамызында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған орай Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады», - делінген «Қазтелерадио» хабарламасында. Айта кетейік, «Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады.