Дариға Назарбаева ұлының қазасы туралы айтты,деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.
Дариға Назарбаеваның мәлімдемесі Нұрсұлтан Назарбаев қорының Facebook-тегі парақшасында жарияланды. "Біздің отбасымыз сүйікті Айсұлтанымыздың дүниеден озғанына байланысты сарыла қайғыруда. Осы қаралы кезеңде халайық бұл орны толмас қазаға түсіністігі мен әдептілігін танытады деп сенеміз", - деп жазды Назарбаева.Кеше Лондон қаласында Айсұлтан Назарбаев жүрек талмасымен қайтыс болғаны белгілі болды.