Жириновский: Белоруссияға дереу арада әскер кіргізу керек
Жириновский: Белоруссияға дереу арада әскер кіргізу керек
Атышулы ресейлік саясаткер Владимир Жириновский Белоруссияға қатысты кезекті ойын айтты.
«Демократия, сайлау деген әрине ол бір бөлек әңгіме, бірақ Белоруссияға НАТО әскері басып кірсе немесе Киевке араласқандай сценарий болса, онда дереу арада оның алдын алу керек», - деді ол. Оның ойынша егер Александр Лукашенко Ресейден әскери көмек сұраса, онда «дереу арада көмек берілуі тиіс». Жириновскийдің ойынша «Ресей Украинаға өз режимін орнатқан НАТО екенін жақсы біледі, ондай қателікті Белоруссияда жібермеуі міндетті».«Бұл біз үшін нағыз қатер, қауіпсіздігіміз таразыға түспек. Мен Лукашенко жайлы айтып тұрғам жоқ, мен Ресейдің қауіпсіздігі жайлы айтып тұрмын. Бізге Смоленск түбінен НАТО танктары сығалап тұрғаны қажет емес. Бізге қауіпсіз батыс шекарасы қажет», -деді саясаткер. Бұған дейін ол «Лукашенко бізді сатып кетті» деген болатын.
Асхат ҚАСЕНҒАЛИ