Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
16 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Әлемді өзіне қаратқан NEXTA телеграм-каналының иесі 1998 жылғы жігіт

Әлемді өзіне қаратқан NEXTA телеграм-каналының иесі 1998 жылғы жігіт

Әлемді өзіне қаратқан NEXTA телеграм-каналының иесі 1998 жылғы жігіт
ашық дереккөзі

 width=

Белоруссияда болып жатқан митинг пен халықтың қазіргі ел президентіне деген наразылығын күн демей, түн демей көрсетіп жатқан НЕХТА телеграм каналы туралы алыс-жақын елдің біразы біліп қалды. Телеграм-каналдан басталған Нехта қазір үлкен ақпараттық кеңістікке айналып кетті.

Қазір бұл каналдың аудиториясы 2 млн-ға жетті. Соңы он күн ішінде оқырман саны бес есеге артқан. Қазіргі жағдай бойынша салыстырмалы түрде алатын болсақ, оқырман санының рекордтық көрсеткішке жетуі де ғажап емес.

Мәселе тек миллиодаған оқырманда емес. Бұл каналдың авторы Степан Светлов деген жігіт. Ол 1998 жылы дүниеге келген. Оның әкесі спорт журналисі болған. Мемлекеттік Белтелерадиода жұмыс істеген. Әкесі тек спорттық жаңалықтар жүргізіп отырғанымен, көзқарасы оппозициялық бағытта қалған.

Степанның оппозициялық көзқарасы Якуба Коласа лицейінде жүріп те қалыптасқан. Бұл лицей 1990 жылы мемлекеттік негізде құрылып, 2000 жылдың бас кезінде биліктің ықпалымен жабылып қалған.

НЕХТА – бұл Степанның лақап аты. Дәл осылай өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларын жүргізеді. 2015 жылы 17 жастағы Степан «Таңдау жоқ» деген атпен телеграм-канал ашады. Онда ол өткен жылғы президент сайлауындағы әділетсіздіктер туралы клиптерін салып отырған. 2018 жылы оған Лукашенконы балағаттады деген айдармен айып та тағылған. Ақыры ол әкесімен бірге Польшаға қоныс аударады.

2019 жылы Степан Светлов Виктор Ивашкевич атындағы ұлттық адам құқығын қорғау марапатын алады.

Дәл қазір Степан Польшада кинорежиссер мамандығы бойынша білім алып жатыр.