Жаңалықтар

Түркістан облысында 8 куб шағыл құм артып келе жатқан көлік ұсталды

Түркістан облысында 8 куб шағыл құм артып келе жатқан көлік ұсталды

 width= "Таза Қазақстан" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Шардара АПБ-не жергілікті тұрғынның бірі Жаушықұм ауылында заңсыз құм қазып алып, тасымалдап жатқандығы туралы ақпарат келіп түскен, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.  Хабарлама бойынша Шардара АПБ-нің ЖПҚБ-нің табиғатты қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры Бекмұхаммед Теңгебаев оқиға орнына шықты. Тексеру барысында 3 жергілікті тұрғын "КамАЗ" жүк көлігіне шамамен 8 куб шағыл құм артып келе жатқан жерінен ұсталды. Тәртіп сақшылары тәртіп бұзушыларға құмды қазып алынған жеріне қайта төктіріп, жүк көлігін тәркілеп, айыптұрағына қойды. Жинақталған іс-құжаттары заңды шешім қабылдап, тұрғынның қоршаған ортаға келтірілген залалын бағалау үшін Түркістан облысы экология департаментіне жолданды. Жалпы, Шардара АПБ-нің қызметкерлерімен жыл басынан бері осындай заңсыз құм қазып алып, тасымалдауға байланысты 8 жайт тіркеліп, құжаттары тиісті органға жіберілген. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды табиғат қорғау заңнамасын сақтауға және табиғатты қорғауға шақырады.