weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
16 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Асқар Сүлейменовтің Абай туралы айтқаны

Асқар Сүлейменовтің Абай туралы айтқаны

Асқар Сүлейменовтің Абай туралы айтқаны
ашық дереккөзі
 width=
Келер қазақтың да iшетiн уы мен балы – Абай.
Қазақтың екi «жауы» бар. Бiрi, дос-жауы – Абай. Қалғандары – қас жауы.
Абайдың қазағынан қара үзiп кеткен қазақ жоқтың қасы.
Талант – тұяқ, Абай – жол. Сол жолмен анау Жидебайға, мынау Қарауылға кемеңгер де келедi, кеще де келедi. Мұнда «үйренемiн» деп, «үйретемiн» деп келмеу керек… Мұнда тазарамын, арыламын деп келу керек. Елдiң неге келгенiн бiлмеймiн. Мен өзiм арыламын деп келдiм…
Абайдың 140 жылдығында, 1985 жылы Семейдегі салтанатты жиында сөйлеген сөзінен
Абайда ашу шақырар орам көп. Кейiс шақырар бiр орамы: «­… қазақ та адам баласы ғой».