Қазақстандық боксшы жекпе-жек болмайтынын рингке шығар алдында білген
Қазақстандық боксшы жекпе-жек болмайтынын рингке шығар алдында білген

"Құрметті қазақстандықтар,жергілікті көрермендердің шектен тыс жиналуына орай Гвадалахара әкімшілігі коронавирусқа байланысты жекпе-жекті келесі аптаға ауыстырды", - деп жазды Елеусінов желідегі парақшасында.Айта кетсек, 34 жастағы Елеусіновтің алдағы кездесуі Мексикадағы екінші жекпе-жегі. Алғашқысы 2019 жылдың ақпанында өткен еді. Боксшы 2014 жылдың желтоқсанында кәсіпқой боксқа келді, тоғыз жекпе-жектің сегізін АҚШ-та өткізді.