Ресейдің коронавирусқа қарсы вакцинасына қатысты күдік артуда. Түрлі әлем ғалымдары өз ойларын айтып, бұл вакцинаның салынуына қарсылық білдіруде. Олардың келтірген қарсылықтары келесідей:
1. Гамалей атындағы ұлттық эпидемия және микробиология зерттеу орталығында қалыптасқан хаттаманы ұстануда ауытқулар болғаны белгілі болды. Орталық вакцина жасап шығуды жылдамдату үшін, хаттаманы жүйелі ұстанбаған. Бұл вакцина сапасына кері әсер етуі мүмкін.
2. Кез келген вакцинаны сынау үш кезеңнен тұрады. Ресей вакцинасы тек қана екі кезеңнен өткені белгілі болды.
3. Әзірге Ресей өзінің зерттеулеріне қатысты нәтижелерін ашық көрсетпеді, сондықтан вакцинаны салуға және сатылуға тым ерте.
4. Ірі клиникалық зерттеу орталықтарының тексеруінсіз, нарыққа вакцинаны шығару халықаралық талаптарға қайшы келеді.
5. Лондон колледжінің маманы Франсуа Баллу Ресей вакцинасына қатысты келесідей ой айтты: «Бұл мүлде жауапкершілікке сай келмейтін шешім. Нақты зерттеуден өтпеген вакцинаны салу ақымақтық. Вакцинаны салудың кері әсері апаттық болып, халықтың кез келген вакцинаны алуына деген көзқарасын түбегейлі өзгертуі мүмкін» деді маман.
6. Француз вирусологы Мари-Поль Кини: «Ресейдің вакцинаға қатысты мәлімдемесі тым ерте айтылған. Біз бұл вакцинаның әсері қандай болады, адам бойында вирусты қалай жеңетінін білмейміз. Менің ойымша бірнеше аптадан кейін бұл вакцинаның әсері болмай қалады» деді.
7. Францияның вакцина салу бөлімінің басшысы Даниэль Флорье сынақтан нақты өтпеген вакцинаның кері әсері болып, жағдай қиындауы мүмкіндігін ескертті. Ол 60-жылдары балаларға жасалған бірнеше аурудың вакцинасын мысалға алды.
8. АҚШ-тың аллергия және инфекциялық аурулар институтының директоры Энтони Фаучи Ресей вакцинасына үлкен күмәнмен қарайды. Ол вакцинаның дайын екеніне сенбейді. Өйткені нақты сынақтан өтпегенін айтты.
9. Германияның денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан Ресей вакцинасының тиісті сынақтан өтпегенін мәлімдеді.
10. Панамерикано денсаулық сақтау ұйымының маманы Жарбас Барбоса сейсенбі күні ДДСҰ Ресей вакцинасына қатысты толық ақпаратты ала алмағанын мәлімдеді.
11. Иранның денсаулық сақтау министрлігі Ресей вакцинасына аса сақтықпен қарауға шақырды. Иранның арнайы өкілі Киануш Джаханпур Твиттерге: «Клиникалық зерттеуі толық өтпеген вакцинаны қолдану, Пандора жәшігін ашқанмен бірдей қауіпті» деп жазды.
12. АҚШ-тың денсаулық сақтау министрі Алекс Азар Ресейдің вакцинасына күмәнмен қарап, олар ашықтық танытпауы аса қауіпті деп атады.
Асхат ҚАСЕНҒАЛИ