Жаңалықтар

Ресей саясаттанушысы: Қазақстан мен Белоруссияны қолдан шығарса, Ресейдің өзі де держава ретінде жойылуы мүмкін

Ресей саясаттанушысы: Қазақстан мен Белоруссияны қолдан шығарса, Ресейдің өзі де держава ретінде жойылуы мүмкін

 width= Қазақстан мен Белоруссияны жоғалтса, Ресей Аустро-Венгрия империясының тағдырын қайталауы мүмкін. Бұл туралы шығыстанушы және саясаттанушы Евгений Сатановский айтты. Белоруссияда болып жатқан қақтығыстарға қатысты пікір білдіре отырып, ол келесідей ой айтты.
"Олар Украинаны қолдан шығарып алды, енді кезек Белоруссияға келіп тұр. Одан кейін Қазақстан да алыс емес. Артынша Ресейдің аймақтардағы перифериялардан айырылуы, Шығыс Еуропа мен посткеңестік әлемді қолдан шығарып алуы уақыт еншісіндегі іске асатын шаруа ғана болмақ. Ресейдің өзі де держава ретінде қалуы күмәнді", - деді Сатановский.
Сонымен қатар саясаттанушы Ресейде елдің дамуы мен стратегиялық алға жылжуын ойлайтын зиялы қауымның жоқтығын да жасырмады. Ол билік басындағылар жеп, парақорлық пен жемқорлыққа әбден батып, елді сатып жатқанын да жайып салды.
"Барлығы тек қана бюджетті бөлшектеу, елде қалған соңғы құндылықтарды, қазынаны сатумен айналысуда. Тек қана жеке мүдделерін ойлауда..." - деді профессор.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ