Алматыда қалалық кардиоорталық өртеніп, бір адам қайтыс болды
Алматыда қалалық кардиоорталық өртеніп, бір адам қайтыс болды
Алматыда қалалық кардиологиялық орталық аумағында орналасқан ғимарат өртенді. Өрт салдарынан жарылыс шығып, бір адам мерт болды, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт бүгін, 15 тамызда кардиологиялық орталықтағы жеке тұрған ғимараттан шыққан. Өрт сөндірушілер келген кезде ғимараттың төбесі жанып жатқан. ТЖД айтуынша, жалынның басқа ғимараттарға өту, сондай-ақ баллондардың жарылу қаупі болған. Алайда өрт сөндірушілер қауіптің алдын алған.
«Мекеме өкілдері өрт сөндірушілерге оттегі тарату пунктінің бір қызметкері (техник) эвакуацияланған адамдардың арасында жоқ екенін айтты. Олардың айтуынша, жарылыс кезінде техник жұмыс орнында болған. Өрт сөндірумен қатар өрт сөндірушілер қаза болған 1988 жылы туған адамды іздеді. Оның денесі жарылған баллоның жанынан табылды», - деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бүгін қалалық кардиологиялық орталықтың аумағында орналасқан ғимарат отқа оранды. Оттегі тарату пуктінде жарылыс болды. Қызыл жалын сағат 15:47-де оқшауланып, сағат 16:07-де толықтай сөндірілді. Өрт 280 шаршы метрді шарпыды делінген хабарламада.