Жаңалықтар

Қазақстан шекарасынан бубон обасы табылды

Қазақстан шекарасынан бубон обасы табылды

   width= Қазақстан шекарасынан бубон обасының қоздырғышы Қазақстан шекарасынан табылды. Тува мен Алтайдан қауіпті аурудуың ошағы анықталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ке сілтеме жасаған NewsRoom+ақпарат агенттігі. National Geographic хабарлауынша, бубон обасының қоздырғышы Ресей мен Қазақстан шекарасындағы Тува мен Алтай республикаларынан табылған. Тува басшысы Шолбан Кара-оол қауіпті аурудың таралуын болдырмау үшін азаматтарға вакцина салу туралы шешімін жариялады. Тувада 14 мың адамға екпе егіледі. Ал Алтайда оба ошағына жақын тұратын 18 мыңға жуық жергілікті тұрғынға вакцинация жасалды. Адамдарға ғана емес, жануарларға да иммунизация жасалған. 320 түйеге вакцина салынғаны белгілі. Алтайда оба соңғы 60 жылда тіркелмеген. Мұндай жаңалықтан соң туристер ағыны азаюы мүмкін. Сол себепті қонақ үйлер мен кемпингтерге бубон обасының таралып жатқаны туралы хабар жіберілген. Өңір билігі обаның жабайы жануарлар арқылы жұғатынын еске салып, суырлардың етін жеуден бас тартуға шақыруда. Еске сала кетсек, Моңғолияда бубон обасынан 42 жастағы ер адамның көз жұмған. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Доржийна Нарангэрэла берген ақпаратқа сәйкес, марқұм өлер алдында суыр етінің екі тұлыпын сатып алған. Бұған дейін Говь-Алтай провинциясында да дәл осы індеттен 15 жастағы жасөспірімнің қайтыс болғаны хабарланған. Марқұм ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған. Артынша марқұмның үш күн бұрын достарымен бірге суыр етін жегені белгілі болды.