Петропавлда жедел жәрдем көлігі аударылды
Петропавлда жедел жәрдем көлігі аударылды

«Дәрігерлер жол апаты кезінде жедел жәрдем көлігінің ішінде болған 71 жастағы әйелді тексерді. Жарақат алмағаны анықталды. Әйел негізгі дерті бойынша емделу үшін үшінші қалалық ауруханаға жатқызылды. Жедел жәрдем бригадасының 25 жастағы фельдшері медициналық көмек көрсетілген соң, үйіне жіберілді», - деп мәлімдеді ДП баспасөз қызметі.Оқиғаға байланысты Әкімшлік құқықбұзушылық туралы кодекстің «Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі көлiк құралдарының бүлінуіне алып келген бұзушылығы» 610-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Одан кейін бұл іс процессуалдық шешім қабылдануы үшін Петропавл әкімшілік сотына жіберіледі. Сондай-ақ оқиға орынан кетіп қалған жеңіл көлік жүргізушісіне қатысты хаттама толтырылды.