Грант иегерлерінің тізімі бүгін сағат 18:00-де жарияланады

Грант иегерлерінің тізімі бүгін сағат 18:00-де жарияланады

ашық дереккөзі

 width= Бүгін 2020 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланады. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Грант иегерлерінің тізімі бүгін сағат 18:00-де testcenterkz парақшасында жарияланады", - деп жазды Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Дидар Смағұлов Instagram-да.
Айта кетейік, биылғы ҰБТ 21 маусым мен 1 шілде аралығында өткізілді. Оған қатысуға рекордтық көлемде – 131 754 өтініш тіркелсе, оның 111 113-і, яғни 82 пайызы биылғы мектеп түлектері. Өткен жылы бұл көрсеткіш 12%-ға төмен болғанын айта кеткен жөн.

Жүктелуде...