Головкиннің қарымта кездесуде "Канелоны" жеңгенін дәлелдейтін видео жарияланды

20 Желтоқсан, 2018 657 0

YouTube-тегі Artorias Boxing арнасында Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварестің екінші жекпе-жегінің видеосы жарияланды. Бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасаған 

NUR.KZ хабарлайды.

Видео авторлары жекпе-жек барысында GGG мен "Канелоның" бір-біріне жасаған дәл соққылар санын санап шыққан.

Видео соңында жекпе-жектің жалпы статистикасы ұсынылған. Статистика бойынша, қазақстандық боксшы өз қарсыласына 208 дәл соққы жасаған, ал Альварес 123 соққы жасапты.

Еске сала кетейік, екінші жекпе-жекте жеңіс 115-113 ұпаймен мексикалық боксшыға берілген болатын. Ал бір төреші 114-114 есебімен тең түсті деп есептеп шығарған.

Боксшылар алғашқы кездесуде де тең түскен болатын. Болашақта спортшылар үшінші рет жұдырық түйістіруі мүмкін.



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.