Жетісайда спорт бөліміне жаңа басшы тағайындалды

05 Желтоқсан, 2018 709 0

Түркістан облысының Жетісай ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Мақсат Жолдасбековтің өкімімен Жетісай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болып Сейдалиев Еркебұлан Құттыбайұлы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі. 

Жетісай ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Мақсат Жолдасбековтің өкімімен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімін басқару ісі Сейдалиев Еркебұлан Құттыбайұлына жүктелді. 

Еркебұлан Құттыбайұлы 1985-жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында туылған. 

2008-жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің заң факультетін тәмамдап, 2009-жылы «Мақтаралземкадастр» ЖШС-да заңгер, 2009-жылы Жетісай қаласы әкімі аппаратының бас маман-заңгері міндетін атқарушы, 2009-жылы Жетісай қаласы әкімі аппаратының бас маман-заңгері болып еңбек еткен. 2012-2013-жылдары Мақтарал ауданы әкімі аппаратының кадрлық жұмыс бөлімінде бас маман, 2013-2015-жылдары Мақтарал ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару жөніндегі бөлімінде бас инспектор, 2015-жылы ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттегінің ОҚО бойынша департаментінің «Тәртіптік әкімшілік тәжірибе және мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімінің консультанты, кейін бас маманы, 2016-жылдан күні бүгінге дейін ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттегінің ОҚО бойынша департаментінің«Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының» бас маманы болып еңбек еткен.



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.