ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Шәмші шығармашылығы – ұлттың баға жетпес байлығы" деп мәлімдеді, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі.
«Бүгін еліміздің Әнұраны «Менің Қазақстаным» әнінің авторы, ұлт руханиятына талай сырлы саз бен әсем әуен сыйлаған композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толды. Шәмші шығармашылығы – ұлттың баға жетпес байлығы. Оның туындыларын кеңінен насихаттау – бүгінгі ұрпақтың парызы», деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.
Еске сала кетейік, бүгін сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқов көзі тірі болғанда
90 жасқа толған болар еді.
Өзі өлсе де, артына өшпес із қалдырған Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқов 1930 жылдың 15 тамызында Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында дүниеге келген.