Түркістан облысындағы Стоматология ассоциациясы халықаралық конференция өткізді

05 Желтоқсан, 2018 528 0

Түркістан облысындағы Стоматология ассоциациясы халықаралық конференция өткізді. Конференцияның негізгі мақсаты – стоматологиясына саласын дамыту. Соңғы жылдары бұл салаға елімізде ерекше көңіл бөлініп жатқаны белгілі. 

Ақ халаттылар бас қосқан іс-шараға қазақстандық стоматологтар мен шет елдің бірқатар тәжірибелі мамандары қатысты. Қазақстан Стоматология ассоциациясы Түркістан облыстық филиалының директоры Көмекбай Қайқыбасов өз сөзінде стоматология саласының қарқынды дамып келе жатқанын, жеткен жетістіктердің де аз еместігін айтып өтті. 

«Бұрын бір тісті емдету үшін шет ел ассақ, қазір сапалы қызметтің бәрін жергілікті мамандарымыз көрсетіп келеді. Стоматология саласында күн сайын жаңалықтар енуде. Осы емдеудің заманауи тәсілдерін жергілікті мамандарға үйретуді мақсат тұтып отырмыз», - деді. Халықаралық конференцияға Өзбекстаннан келген мамандар да қатысып, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, Стоматология ассоциациясы тісі мазалаған жандарға кеңестерін беріп, әрдайым қол ұшын созуға дайын екендіктерін білдірді.



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.