Дәурен Елеусінов WBC титулы үшін айқас алдында салмақ өлшеуден өтті

Дәурен Елеусінов WBC титулы үшін айқас алдында салмақ өлшеуден өтті

ашық дереккөзі

Ешқашан жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов (8-0-1, 7 КО) Мексикадағы титулдық жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Sports.kz. порталына сілтеме жасап. 15 тамызда Гвадалахарда ол жергілікті боксшы Хуан Карлос Райгоспен (16-15-3, 6 КО) орта салмақта WBC International нұсқасы бойынша чемпиондық титул үшін айқасады. Бұл жекпе-жек алматы уақыты бойынша Қазақстанда 16 тамыз күні таңертең болады. Елеусінов өзінің Instagram парақшасында салмақ өлшеу рәсімі сәтті өткенін жазып, бірнеше суреттерін жариялады.

Жүктелуде...