Жаңалықтар

«Қазақфильм» ғимараты өртеніп жатыр

Алматыда Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ музейінде өрт шықты, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі  ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде таралды. «14 тамызда сағат 21:33-те кезекші пультіне Әл-фараби көшесі 176 үй мекенжайындағы ғимарат күзетшісінен хабар келген. Алматы қалалық төтенше жағдай күштері оқиға орнында күшейтілген режимде жұмыс істеп, өртті сөндіруде», - деді ТЖД баспасөз қызметі. https://www.instagram.com/tv/CD4EuAzp2CY/?utm_source=ig_web_copy_link